Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жазушы және патриот Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы – адам, жауынгер, жазушы» атты әдеби-патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқырмандар Бауыржан Момышұлының өмір жолымен және ерліктерімен танысты. Кітапханашы батыр туралы жазылған әдебиеттерді таныстырып, жазушының өз еңбектеріне шолу жасады, дәйексөздер мен естеліктер оқылды.
Шараның негізгі бөлігі – Бауыржан Момышұлының шығармаларының тәрбиелік мәні, оның ар-намыс, парыз, ерлік және Отанға деген сүйіспеншілік жайлы ой-толғамдарына арналды.
