Жаңа Қима ауылдық модельді кітапханасында балалар мен жасөспірімдер кітаптарының апталығында балалармен «Спорт толқынында» атты ұлттық ойындары өткізілді. Кітапханашылар ұлттық ойындардың түрлері туралы айтып, балалармен «асық», «орамал алу», «соқыртеке» тағы да басқа ойындар ойнады.
Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының туған жеріне, тұрмыс - тіршілігіне, салт - дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру.