2026 жылдың 06 мамырында Балалар кітапханасының қызметкерлері Жақсы ауылының №16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиеленушілеріне «Ертегілер еліне саяхат» театрландырылған экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар кітапханамен танысып, ертегі ойындарына, викториналарға және сүйікті кейіпкерлерімен кездесуге қатысты.
