28 тамызда Балалар кітапханасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Жақсы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін «Конституция – келешек кепілі» атты құқықтық сағат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың патриоттық рухын тәрбиелеу, оларға Конституцияның маңызды рөлі туралы толық ақпарат беру, құқықтық сана-сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ елге деген сүйіспеншілікті ояту және нығайту. Кітапханашы өз сөзінде балаларды Конституцияның құрылу тарихымен, оның құрылымы мен елдің Негізгі заңы ретіндегі маңызымен таныстырды. Алған білімдерін бекіту мақсатында «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын» атты құқықтық ойын өткізілді. Балалар өздері туралы, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік жайында айтты. Ойын барысында қатысушылар өздерінің эрудициясын, құқықтық сауаттылығын және белсенділігін көрсетті. Кездесу соңында команда жаттықтырушысы Кристина Гарифуллина Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен баршаны құттықтады.
