Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Балалар кітапханасының қызметкерлері Жақсы ауылының "Дән" балабақшасымен бірлесіп, "Бейбітшілк - ел тілегі" атты мерекелік бағдарлама өткізді. Іс-шара жас тәрбиеленушілер үшін достық пен бірліктің нағыз мерекесі болды. Балалар Отанға арналған өлеңдерді қуана оқып, қазақ және орыс тілдерінде ән айтып, би өнерлерін көрсетті. Қызықты викторина балаларға Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, балалар елдің тарихы мен қазіргі дамуы туралы түрлі-түсті иллюстрацияланған көрмемен танысты. Қатысушылар саны-41 адам.