Запорожье ауылдық модельдік кітапханасы Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған «Бұл Ауғанстанда болды» атты еске алу кешін өткізді. Мақсаты: ауған оқиғаларының тарихы бойынша оқырмандардың білімін кеңейту; Отан қорғаушыларды құрметтеуге тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерді дамытуға; Ауғанстандағы соғысқа байланысты белгісіз фактілерді жария ету.