"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Қасиетті Қазақстан» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Өнерлі қол-бақытқа жол» атты жоба Жақсы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің бастауымен 2018 жылы республикалық реестрге еніп, 2019 жылы сәтті іске асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты- халықтың қолөнері арқылы келешек ұрпаққа мәдени,рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.
«Саусақ бірікпей,ине ілікпес» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған. Әрбір істің оң нәтижесін көру үшін көп еңбектену керектігі айдан анық. Б.Р.Нұржанова бастаған игі істі, өзінің оң қолы Сейсембаева Гүлбану Теміртасқызы жалғастырды.Кітапхана жүйесінің қызметкерлері ауданымыздың түкпір-түкпірінен саусақтарынан өнер тамған шеберлерді іздестіріп,жеке кездесіп,ортақ іске жұмылдыра білді. 2018 жылы жасалған көрменің тұсаукесеріне 33 шебердің 300-ден астам туындылары қойылып,көрермендерді тәнті етті. Бұл іс-шара ауданның мәдени өмірінде лайықты орын алды.
Ауданымызда ғана емес, көрші Атбасар,Есіл,Жарқайың елді-мекендерінде, тіпті облыс орталығында қойылған көрме өз ерекшелігімен көзге түсіп,киелі Жақсы жерінің тарихы мен мәдениеті жайлы сыр шертті.Аталған жобаны жүзеге асыру аясында «Ата өнері-балаға мұра» атты журнал шығарылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Ақанова журналдың тұсаукесерін жасап,жиналған қауымға ризашылығын білдірді.
Елін,жерін сүйген шеберлердің еңбегі «Өнер көзі-халықта» атты деректі фильмге де арқау болды.
«Өнерлі қол – бақытқа жол» жобасы іске асырылды,бірақ бұл бағыттағы жұмыс осымен шектелмейді. Өйткені,туған жердің тарихы мен халықтың шығармашылық шабыты түпсіз терең.

Мемлекеттік бағдарламалар