"Асық" Қазақ ұлттық ойындар үйірмесінің жұмысы аясында балалар кітапханасы "Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны" атты сабақ өткізді. «Асық» - балалардың зейіні мен ақыл - ойын дамытатын ойын, қазақ халқының ежелгі және кең таралған ұлттық ойындарының бірі, ептілікке, оқ атуға, ұқыптылық пен қырағылыққа үйрететін тәрбие көзі. Балалар іс - шараға белсенді қатысып, қазақтың ұлттық ойындары мен дәстүрлері туралы көптеген қызықты мағлұмат алды.
Мақсаты: ойын идеясын кеңейту; оқушылардың ойлауын, ептілігін, дәлдігін, жылдамдығын, азаматтық патриотизмін, ұлттық мақтанышын дамыту.