Киев ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Елордасы күніне орай орта топ оқырмандарға «Астана – жаңа Қазақстанның символы» медиасаяхатын өткізді. Саяхат барысында балалар елорданың көрікті жерлерімен және оның құрылу тарихымен танысты. Қызықты саяхат білімді тереңдетуге және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, туған жерге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.
Сондай-ақ іс-шара аясында «Астана – жаңа Қазақстанның символы: Бейбітшілік пен үміт қаласы» атты кітап және иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздігі мен жаһандық табысының символы – Елордамызға деген мақтаныш сезімін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.