Белагаш ауылдық кітапханасында «Арман қанатында — жұлдыздарға!» атты портрет-кеш өткізіліп, ол Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына арналды.
Іс-шара көрнекті қазақстандық ғарышкердің өмір жолы мен кәсіби жетістіктерін насихаттауға бағытталды. Кеш барысында қатысушылар Т. Мұсабаевтың өмірбаянымен танысып, оның отандық ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.
Портрет-кеш оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп, Қазақстан жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
