Жақсы аудандық кітапханасының кітапханашысы Жақсы орта мектебі №2 жоғары сынып оқушылары үшін Аманжан Жақыповтың 90 жылдығына арналған портрет-кеш өткізді. Шара барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен, оның өмір жолындағы маңызды кезеңдерімен және шығармашылығымен танысты. Автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда оның негізгі шығармалары қойылды. Іс - шара кезінде оқушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, оның әдеби мұрасын талқылады және өз ой-пікірлерімен бөлісті.
