30 қыркүйек күні Чапаев ауылдық кітапханасында Қарттар күніне арналған «Алтын қолдар» шығармашылық шеберханасы өтті. Кездесу барысында оқырмандар өздерінің әжелері мен аталарына арнап жүрек жылуын және қамқорлығын білдіре отырып, ашықхаттар жасады. Іс-шараның атмосферасы жылы әрі достық жағдайда өтіп, аға буынға деген құрмет пен алғыс сезімін арттырды.
