- 1 шілде күні Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы орта буын оқырмандарына арналған «Алтын домбыра туралы аңыз» атты әдеби - музыкалық қонақ бөлмесін ұйымдастырды.
Іс - шара Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің бейнежазбасын тамашалаудан басталды. Кештің негізгі бөлігі – кітапханашының Алтын домбыра туралы аңыз әңгімесі болды. Ұрпақтан - ұрпаққа жеткен бұл тарихта домбыраның шығу тегі, оның сиқырлы қуаты мен қазақ халқының тағдырымен тығыз байланысы баяндалды.
Содан кейін оқырмандармен бірге домбыра жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді – бұл тек Қазақстанның бай мәдениетімен танысып қана қоймай, оны өз қолыңмен сезінуге мүмкіндік беретін ерекше тәжірибе болды.
