28 мамырда Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы кіші оқырмандар тобына арналған Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына 105 жыл толуына орай "Алтын адам туралы аңыз"атты әдеби сабақ өткізді. Кітапханашы балаларды жазушының өмірбаянымен таныстырып, әңгіме - аңыздан үзінді тыңдауды ұсынды. Балалар Есік маңындағы "Алтын адамды" табу жөніндегі тарихи анықтамамен танысты, сондай - ақ "аңыз",
"қорған", "сауыт" ұғымдарымен танысты. Әдеби шығарма бойынша сұрақтарға жауап берді. Іс - шараның жағымды тұсы балаларды әдеби шығарма арқылы Қазақстан тарихымен, салт - дәстүрлерімен таныстыру болды.