"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

25 ақпанда Киров ауылдық кітапханасында ересек оқырмандарға арналған «Алғыс жүректен шығады» атты жылы қарым-қатынас сағаты өтті. Іс-шара алғыс айту тақырыбына - адам бойындағы ең жарқын әрі шынайы сезімдердің біріне арналды. Жылы да жайлы атмосферада қатысушылар адамдарды, өмірдегі оқиғалар мен сәттерді қадірлей білудің маңыздылығы туралы әңгімелесіп, өздерінің жеке естеліктері мен ризашылық сөздерімен бөлісті.  Кездесу барысында мейірім мен алғыс туралы белгілі жазушылардың әсерлі өлеңдері мен нақыл сөздері оқылды. Оқырмандар әңгімеге белсене қатысып, рухани құндылықтар, жақын жандардың қолдауы және жылы сөздің құдіреті туралы ой бөлісті. Рухани сұхбат сағатына 13 адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламалар