2026 жылдың 25-ші ақпанында Терісаққан ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызым» атты шағын сыйлық сыйлау акциясын өткізді. Кітапханашы әріптестері мен ауыл қызметкерлеріне кәсіби біліктері үшін алғыс білдірді. Шара соңында қызметкерлерге естелік сыйлықтар берілді. Бұл бастама ұжым ішіндегі сыйластықты арттырып, мерекелік атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар осындай шынайы форматтағы шараға дән риза болды.
