13 қараша 2025 жылы Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен "Ақша туралы не білесің?" атты викторинасын өткізді. Кітапханашы Тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздерінің бірі-теңгенің тарихы туралы қысқаша мағлұмат берді. Оқырмандар теңгенің енгізілуі, алғашқы банкноттар мен монеталар, оларда бейнеленген тарихи тұлғалар мен ескерткіштер туралы тың ақпарат алды. Одан кейін викторина жүргізілді. Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, жаңа мәліметтермен танысты.
