"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Ағымдағы жылдың 15 тамызында ашық аспан аясында Жақсы аудан орталығындағы балалар кітапханасының және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жазушылары» атты іс – шара өткізілді. Мектеп оқушыларының, мекеме қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінінің қатысуымен өткен шараның басты мақсаты – жиналғандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және қазақстандық жазушылардың өмірбаяны, шығармашылығы туралы тереңірек мағлұмат беру болып табылады. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты екені дау тудырмайды. Өскелең ұрпақты кітап оқуға баулып, таным көкжиегін кеңейту арқылы кемел келешекке жол сала аламыз. Осы орайда аталмыш шаралардың жүйелі түрде ұйымдастырылып отыруы маңызды. 
Балалар кітапханасының кітапханашысы, жүргізуші өз сөзінде іс – шара Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, т.б. бірқатар көрнекті ақын – жазушылардың мерейтойына арналғанын тілге тиек етті. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Жиналған қауым қазақ елінің сан ғасырлық тарихына, өнері мен мәдениетіне саяхаттап, ертегілер әлеміне де шолу жасады. Сонымен қоса, отандық және шет ел жазушыларының өмірбаяны туралы білімін кеңейте түсті. Ал, викторина барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Викториналық ойын нәтижесінде, жеңімпаздар ең көп ұпай жинап, білімділігімен, жан - жақтылығымен қарсыластарынан басым түсті.
Іс – шара аясында жиналғандар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Кітапханашылар аталмыш республикалық акция туралы сөз қозғап, оқырмандарды ағымдағы жылы таңдалып алынған кітаптарды оқуға шақырды. Айта кету керек, акцияның басты мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқу және оларды насихаттау, қазақстандықтардың оқуға деген ынтасын арттыру және рухани мұрамызды сақтау. Көрмеде оқырмандар назарына Бауыржан Момышұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Немат Келімбетовтың шығармалары ұсынылды.
Сондай – ақ, кітапханашылардың жетекшілігімен өткізілген ойындар балалардың қызығушылығына ие болды. Шашки, викторина, қазақтың ұлттық ойыны - асық қызықты да тартысты өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар