26 қыркүйекте аудандық мәдениет Үйінің фойесінде Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Қазақстанда 2013 жылдан бері тойланып келе жатқан Еңбек күніне арналған «Адамды еңбек көркейтеді» атты кітап – фото көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде Жақсы ауданының әр түрлі кәсіптері жұмысшыларының, біздің өңірдің табысты адамдары туралы, олардың өмірлік тәжірибесі мен көп жылдық еңбек өтілі өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылатын фотосуреттері ұсынылды, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.