"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2026 жылғы 11 ақпанда, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай, Подгорное ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы орта буын оқырмандарына арналған «Абыроймен орындалған парыз» атты ерлік сабағын өткізді. Іс-шара тарихи жадыны сақтау, әскери қызметшілердің ерлігіне құрмет тәрбиелеу және тарихтың күрделі беттерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар Ауған соғысының оқиғаларымен танысып, Отаннан жырақ жерде интернационалдық борышын өтеген сарбаздар мен офицерлер қандай ауыр сынақтарға тап болғаны туралы білді. Ерекше назар Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Паншер патшасы» кітабына аударылды. Осы кітап негізінде кітапханашы 177-арнайы жасақ командирі, аты аңызға айналған Борис Керімбаев туралы әңгімелеп, оның қызметі ерлік, табандылық және антына адалдықтың үлгісі болғанын атап өтті.

 

Мемлекеттік бағдарламалар