"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2020 жылдың 6 ақпанында Жақсы аудандық кітапхана қызметкерлері Мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Желсіз түнде жарық ай» деп аталатын библиотүн өткізді.

Күмбірлеген күймен безендірілген кеш, ақсақалдың ой толғауынан басталып, жиналған қауымды әдеби әлемге жетеледі. Ұлы ақынның мерей жасына арналған кітап көрмесі, әдебиетсүйер қауымды кітапхана қорындағы құнды еңбектермен таныстырды. Ұлы ғибратқа толы «Қара сөздердің» мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру мақсатымен моноспектакль қойылды.

Абайдың образына кіріп, өлең оқыған кейіпкер де шынайылығымен ғасырларды кейін шегергендей көрінді.

Ақынның поэзиясы да кеш бағдарламасынан лайықты орын алды. Қазақша, ағылшынша оқылған өлең жолдары жиналған қауымды ерекше әуезділігімен баурады.

«Абай жазған әндер сыры» атты караоке бұрышы кештің лирикалық көңіл –күйін арттырып, бала кезден сүйсіне тыңдап, жоғары бағаланатын әндерін  шырқатты.

Біртуар тұлғаның шығармашылығынан шабыт алған жерлесіміз, Жақсы №1 орта мектебі  бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, Айбек Исмаилов ақынның портретін салып, шәкірті жасаған «Желсіз түнде жарық ай» пейзажымен қоса аудандық кітапханаға тарту етті.

«Абайды сүйсең, менше сүй» деп аталған викторина өз атауын растағандай. Өмірі мен шығармашылығы жайында сұралған деректер көпшілікке таныс екенін, жарыса берілген жауаптар дәлелдеді.

Кеш бағдарламасы «Құнды кітаптар жиынтығы», «Өнерлі қол-бақытқа жол» көрмелері, «Книга в подарок» акциясымен жалғасын тапты.

Мемлекеттік бағдарламалар