2025 жылғы 9 қазанда Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы аға буын оқырмандары үшін «Өмірдің күзін алғыс сезімімен қарсы алайық» атты поэзиялық кеш ұйымдастырып, өткізді. Іс - шара барысында қатысушылар өз білімдері мен өмірлік тәжірибелерін көрсеткен «Даналық қазынасы» және «Өсімдікті тап» атты викториналар өткізілді. Кеш соңында өмірдің алтын шағына деген шынайы алғыс пен жылулыққа толы «Құдіретті бальзам» және «Күзгі құрбы» атты әсерлі өлеңдер оқылды. Кештің атмосферасы қатысушыларға шабыт, шаттық пен жүрекке жылы естеліктер сыйлады. Катысту: 9 адам
