08 қазан күні Қарттар айлығы аясында Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауыл әкімі аппаратымен, «Новокиенка» ЖШС директоры, ауыл клубының меңгерушісі және Новокиенка орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп «Күзгі даналықтың бақытты сәттері» атты тақырыптық кеш өткізді.
Іс-шара «Новокиенка» ЖШС асханасында өткізіліп, кең ауқымды оқырмандарды қамтыды. Кеш жылы лебіздерге, сыйластық пен құрметке толы болды. Қонақтарға арналған өлеңдер, әндер мен алғыс сөздері айтылды. Іс-шараның мақсаты - аға буын өкілдеріне олардың өмірлік тәжірибесі, еңбегі мен қоғам дамуына қосқан үлесі үшін ризашылық білдіру.
41 адам қатысты
