7 қазан күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Новокиенка орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Агрессияға қарсы тұру» тақырыбында пікірталас өткізді.
Іс-шара балаларға агрессияның не екенін, оның қайдан пайда болатынын және эмоцияларын басқарудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.
Талқылау барысында оқушылар агрессивті мінез-құлықты анықтауды, жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің жолдарын табуды және бір-біріне құрметпен қарауды үйренді. Пікірталастың басты мақсаты - оқушылардың зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас жасау, төзімділік пен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. 8 адам қатысты
