30.04.19 жылы Жақсы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен № 1 орта мектепте 8-9 сынып оқушылары арасында қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған "Қазақ сөз өнерінің дүлдүлі – Ілияс Жансүгіров" атты портрет кеші өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау, ұрпақ сабақтастығын жаңғырту. Шара барысында кітаптарға шолу жасалып, ақынның шығармаларынан үзінділер оқылды.