2026 жылғы 12 наурызда Кийма ауылдық кітапханасында орта буын оқырмандарына арналған «Экосағат: Ойлан! Сақта! Қорға!» атты экологиялық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында «Қазақстанның Қызыл кітабы» атты презентация көрсетілді. Балалар Қызыл кітаптың құрылу тарихымен танысып, мемлекет қорғауында тұрған сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы білді. Сонымен қатар оқырмандар ауа мен судың ластануы, тұрмыстық қалдықтар мәселесі және қоқысты бөлек жинаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Қатысқандар саны: 11 адам.
