«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен және әкімдік мамандарымен бірлесе отырып сенбілік ұйымдастырды.
Акцияға қатысушылар балалар алаңының аумағын және оған жақын жерлерді қоқыстан, құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартты. Сенбілік достық және еңбек атмосферасында өтті, туған ауылын таза әрі көрікті етуді қалаған белсенді тұрғындарды біріктірді.
