Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауылдық клубтың мәдениет ұйымдастырушысымен бірлесіп, орта буын оқырмандарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акция өткізді.
Акция барысында тақырыптық плакаттар көрсетіліп, заң біліміне арналған викторина ұйымдастырылды және сұхбат түрінде пікір алмасу жүргізілді. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара танымдық әрі жағымды жағдайда өтті. Қатысушылар адалдық пен әділдіктің маңыздылығын ұғынып қайтты.
