"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

13 қазан күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында «Жер ғажайыбы нан» атты интерактивті танымдық саяхат өтті.

Балалар нанның қалай пайда болатынын кішкентай дәннен бастап, дастарқанға дейінгі жолын білді. Олар нанның бүкіл жолын көрсететін бейнероликті қызыға тамашалап, шағын викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, нан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді.

Қыз балалар өздерінің үйдегі пісіру құпияларымен бөлісіп, қалай рогалик пен бәліш пісіретіндерін айтты. Балалар нан туралы кітаптар мен журналдарды қызығушылықпен қарап, әрбір нан тілімінде қаншама еңбек пен қамқорлық жатқанын білді.

Кездесу соңында үстелде дәмді тағамдар жаңа піскен нан, бәліштер және бауырсақтар ұсынылды.

Іс-шара жылы, шуақты жағдайда өтіп, қатысушыларға диқан мен наубайшы еңбегіне деген құрмет, Жердің қарапайым да ұлы ғажайыптарына деген сүйіспеншілік сыйлады.

Мемлекеттік бағдарламалар