2020 жылдың 14 ақпаны күні Жақсы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Кеңес әскерлерін Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай, ақпараттық және тәрбие сағаттарын өткізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты-жас ұрпақты отаншылдық пен азаматтылыққа тәрбиелеу, интернационалды борышын өтеп келген жауынгерлердің ерлігін ұлықтап, бейбітшілік пен сыйластықты насихаттау болып табылады. Жақсы аудандық кітапханасында «Ауғанстан-жүректегі бітпес жара» атты тәрбие сағатына Жақсы №2 орта мектебінің оқушылары,ұстаздары мен кітапханашылары, Жақсы аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы майор Б.Азимбаев қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға слайд арқылы сол соғысқа қатысқан жерлестеріміздің ерлігі туралы айтылды.Тақырыптық кітап көрмелеріне жасалған әдеби шолу оқушылардың білімдерін толықтыруды көздеді. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер жайлы ақпараттық-танымдық іс-шаралар ауданымыздың ауылдық кітапханаларында да өткізілді.