2019 жылдың 18 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде Жақсы аудандық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен «Кітаппен дос болайық» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кітапханашылар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ертегеілер оқып, әнгіме жұмыстарын жүргізді. «Жалын» ауысымының демалушылары кітапханашыларына алғысын білдірді.