3 сынып оқушыларының қатысуымен Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа саяхат» атты тақырыпта ғарышқа саяхат өтті. Іс-шара аспан әлемі, ғарыш туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің мақтаныштары – Қазақ ғарышкерлерімен таныстыру, ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты еңбекқор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, патриоттық сезімдерін оята еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өтті.
Шара барысында «Ғарыш әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, аспан әлемі туралы қысқаша мағлұмат беріліп, суреттер көрсетіліп таныстырылды.