2025 жылдың 16 қазанында Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен "Руханият- бейбітшілік пен келісімге апаратын жол" атты рухани сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға руханият туралы ұғым түсіндірілді. Ұлы Абай, Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин секілді тұлғалардың рухани мұралары мысалға келтірілді. Оқырмандар пікір бөлісіп, «Бейбітшілік деген не?», «Ізгілік пен руханият қалай байланысты?» деген тақырыптарда сұрақ-жауап форматында ой бөлісті. Іс-шарада оқырмандар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
