16 қаңтар күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында Ашық есік күніне орай экскурсия өтті.
Іс-шараға қатысқан балалар кітапхана кеңістігімен және кітап қорымен үлкен қызығушылықпен танысты.
Экскурсия барысында оқырмандар кітаптарды зор ықыласпен тамашалап, әсіресе балаларға арналған көркем әдебиетке ерекше назар аударды. Жас оқырмандарды ертегілер жинақтары мен әсем безендірілген кітаптар ерекше қызықтырды. Балалар иллюстрацияларды мұқият қарап, кітаптарды парақтап, өз әсерлерімен бөлісіп, оқығандарын талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылардың көпшілігі үйде оқуға арналған кітаптарды таңдап алды. Бірі ертегілерді, бірі қазақ тіліндегі шығармаларды, енді бірі орыс тіліндегі әдебиеттерді таңдады. Экскурсия балаларға жағымды әсер сыйлап, кітапхананың оқуға, танымға және шабыт алуға арналған қолжетімді әрі қызықты орын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
