15 желтоқсан күні Ешім ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс - шара аясында Алмас Әмина желтоқсан оқиғаларын еске алу күніне арналған өлең оқып, сол бір тарихи кезеңге қатысқан азаматтардың ерлігі мен қайсарлығына құрмет көрсетті. Көрмеге еліміздің Тәуелсіздік жетістіктерін және отаншылдық рухты дәріптейін отандық авторлардың еңбектері қойылды.