15 сәуір — Қазақстандағы Ұлттық ғашықтар күні. Бұл жарқын мереке қазақ эпосының кейіпкерлері — Қозы Көрпеш пен Баян сұлуның мәңгілік әрі адал махаббатына арналған. Олардың махаббат хикаясы шынайы сезімнің, адалдық пен жанқиярлықтың символына айналған. Осы мерекеге орай Киров ауылдық кітапханасының кітапханашысы әлеуметтік желі Facebook-та бейнеролик дайындап, жариялады.