"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

10 ақпан күні Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы орта топ оқырмандарымен 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына орай "Мұнда қайғы мен азап мәңгілікке қалады" атты тарихи сағат өткізді. Тарихи сағат барысында қатысушыларға Ауған соғысының шығу себептері, соғыс жылдарындағы ауыртпалықтар мен адам шығыны туралы мәліметтер берілді. Ауған жерінде әскери борышын өтеген жерлестеріміздің ерлігі айтылып, олардың рухына тағзым ретінде еске алу сәті ұйымдастырылды. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты кітап көрмесі таныстырылып, деректі материалдар оқылды.
Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсіну, тарихты ұмытпау керектігі жөнінде қорытынды жасады.

 

Мемлекеттік бағдарламалар