14 ақпанда әлемде ерекше акция – Халықаралық Кітап беру күні өтеді. Бейресми түрде оны кітапқа ғашықтар күні деп атауға болады. Бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі және кітап беріп, оқуға деген сүйіспеншілікті оятатындардың барлығын біріктіреді. Тұрақты оқырмандар Беззубова Е. Н. және Бондаренко С. А. ауылдық кітапханаға жеке кітапханалардан 8 кітап сыйлады. Олардың сыйлықтарының арқасында кітапхана қызықты басылымдармен толықтырылды.
https://www.facebook.com/share/1BEaXgHrWd/