Мәдени шараға Нуржанов, Гарифуллин, Турсумбаев отбасылар, қонақтар, жастар және оқушылар қатысты.
Мәдени шарада отбасы, отбасындағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғалды. Келген қонақтар өздерінің отбасы, дұрыс тәрбие беру жолдары, әлпештеген әке мен аялаған ананың рөлі, жалпы отбасының қоғамдағы орны жайлы өздерінің өмірлік тәжірибеден алған келелі ой-пікірлерімен бөлісті. Мәдени шара викторина, ойындармен жалғасты. Мәдениет үйінің әншісі Е.Абикенов «Қонақ келсе ауылға», «Родительский дом» ән шырқады. Кеш соңында Жақсы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г. Т Сейсембаева отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.