12 наурызда Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың ортаңғы топтары үшін «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында ашық микрофон өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары және адалдық пен әділдіктің маңызы туралы өз пікірлерін білдірді. Оқырмандарға заңдылықты сақтау, әділдік пен жауапкершілік сияқты құндылықтардың қоғамдағы рөлі туралы мәліметтер берілді.
Қатысушылар тақырып бойынша ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын ашық түрде жеткізді.
