11 наурыз күні Киров ауылдық кітапханасында учаскелік инспектор Н.Қайранбековпен бірлесіп ересек оқырмандарға арналған Терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық күніне орай «Тыныштықты бірге қорғаймыз» атты құқықтық квест өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, құқықтық викторина сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздік, азаматтардың жауапкершілігі және терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Учаскелік инспектор алдын алу шаралары туралы айтып, қырағылықтың маңыздылығын және заң талаптарын сақтаудың қажеттігін атап өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараға 8 адам қатысты.
