11 ақпанда Чапаев ауылдық клубында интернационалист-жауынгерлерге арналған «Ауғанстан: қасірет пен жады» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысының оқиғалары, сол жылдардағы сарбаздардың тағдыры мен тарихтың қиын кезеңдері туралы айтылды. Қонақтарға арналып тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш өз борышын абыроймен атқарған жауынгерлердің ерлігі мен табандылығына көрсетілген құрметтің белгісі болды.
