Кездесуге Жақсы ОКЖ Беловод ауылдық кітапханашысы мен мектеп оқушылары қатысты.
Ел мен жері үшін бабаларымыз қылыштың үшімен, найзанын күшімен талай-талай атқанды қырғынды басынан кешкені баршамызға аян.
Соның бір дәлелі 1941-1945 жылдар аралығында ел басына төнген үлкен қауып, алапат соғыс еді.
Осындай ардагеріміздің бірі Хұдабайұлы Мәуліт Монголияның Баян-Өлгей аймағы Толбо деген жерінде 1920 жылы дүниеге келген.
1945 жылы Монголия армиясының қатарына алынып, Жапония жариялаған сұраныс соғыс ортасында зеңбірек атқышы болған.
Әскерден 1949 жылы оралған Мәуліт мал шаруашылығында жұмыс істеп, 1986 жылы зейнеткерлікке шықты.
Мәуліт аға 1960 жылы Монголия Соғыс ардагері атағын алды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 55 жылдық, Қарулы күштердің 60 жылдық, Маршал Жуковтың 100 жылдығына орай медальдарымен марапатталған.