Ешім ауылдық кітапханасы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, полиция капитаны Смагұлов Б.А. қатысуымен жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында бейнероликтер қаралымын және талқылауын ұйымдастырды. Іс-шара барысында келесі тақырыптар бойынша бейнематериалдар көрсетілді. "Экстремизмге жол жок", "Терроризм-тығырыққа тірейтін жол", "Қауіпсіз интернет және сөз үшін жауапкершілік ". Көрсетілімнен кейін пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар экстремизмнің себептері мен салдары туралы өз ойлармен бөлісті, сондай-ақ интернеттегі ақпаратқа мұқият болу қажеттілігі айтылды. Полиция капитаны Смагұлов Б.А. жастарға заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіріп, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға шақырды. Бүл іс-шара жастардың азаматтық ұстанымы мен, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және зорлық-зомбылық пен экстремизмнің кез келген түріне төзбеушілікті тәрбиелуге ықпал етті.
