04 қараша күні Чапаев ауылдық кітапханасында «Қатыгездіксіз балалық шақ: бейбітшілік пен құрметке жол» атты ақпараттық акция өтті.Іс-шара барысында қатысушыларға мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы еске салынды.Әңгіме балалар мен жасөспірімдер арасында жауапкершілік сезімін, толеранттылықты және қоғамда бейбіт қарым-қатынас орнатуға ұмтылысты қалыптастыруға ықпал етті
