2026 жылғы 19 ақпанда Қима ауылдық кітапханасында кіші топ оқырмандарына арналған «Сүйікті ертегілер беттеріндегі бала құқықтары» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар ертегілер мысалында бала құқықтарымен танысты. Әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы қандай құқықтардың бұзылғаны талқыланып, оларға қалай көмектесуге болатыны жөнінде пікір алмасты.
