"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

16 сәуір күні Жақсы орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары кең оқырман қауымға арнап Ұлттық кітап күніне орай «Сені таңдаған кітап» атты театрландырылған қойылым өткізді.
Іс-шара қатысушылары сахналық көріністер арқылы кітаптың құдіреті, маңызы және адам өміріне әсері ашылған ерекше әлемге енді.
Қойылым кейіпкерлері ретінде белгілі тұлғалар мен мәдени символдардың бейнелері сомдалды: Абай Құнанбайұлы, Қожа, Қыз Жібек, сондай-ақ Жасөспірім, Кітап және Автор образдары.
Іс-шара аясында қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби мұраның байлығы мен алуан түрлілігі көрсетілді.
Жылы, шығармашылыққа толы атмосфера қонақтарды шабыттандырып, кітап әрқашан өз оқырманын табатынын еске салды.

Мемлекеттік бағдарламалар