2025 жылғы 10 қазанда Подгорное ауылдық үлгілі кітапханасында «Қарым-қатынас арқылы кітапқа және оқуға» жобасы аясында орта буын оқырмандарына арналған «Әр сөзінде туған жерге деген сүйіспеншілік» атты әдеби шолу өткізілді. Іс-шара барысында қазақ әдебиеті кітапханасы сериясындағы кітаптар бойынша классик ақындар - Жұбан Молдағалиев, Қалижан Бекқожин, Қасым Аманжолов шығармаларының саздылығы мен терең мағынасына ерекше назар аударылды.