"Оқитын ұлт" жобасы аясында Ешім ауылдық кітапханасында "Мен сүйікті кітабымды оқимын" атты әдеби акция өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, кітаптардан үзінділер оқыды. Акция жылы, достық атмосферада өтіп, оқуға қызығушылықты арттыруға және кітаптың маңызын насихаттауға ықпал етті.
