Ұлттық кітап күніне орай Балалар кітапханасы аудандық Мәдениет үйімен бірлесіп,ерекше іс - шара - "Оқу мәзірі" библиокафесін ұйымдастырды, онда кітаптар мерекенің басты "тағамдарына" айналды.
Библиокафе мәзіріне : "Әдеби фреш" "Мақал - мәтелдер салаты", "30 секундтағы кітап жинағы", "Алдар Көсенің бесбармағы", ал десертке "Фанфик - кекстер", "Экспекто Патронум": Гарри Поттердің торттары және Гермионаның латтелері: болжамды кофе ұсынылды.
Кештің ерекше тағамы "Алдар Көсе бесбармағы" болды. Атақты кейіпкер домбырамен келіп, қазақ батырлары туралы жұмбақтарда жасырылған аңызға айналған ингредиенттерді тауып ,"сиқырлы бесбармақ" жинауды талап етті. Балалар жұмбақтарды шешіп, соңында қазаннан ет емес, "Алпамыс батыр" кітабын алып шықты. Содан кейін Алдар Көсе жиналғандарға қазақ аңыздарын білуге арналған викторина ұйымдастырып, ең білімділерін сыйлықтармен марапаттады.
БиблиоКафе: Оқу мәзірі" барлық кітап әуесқойлары үшін нағыз мереке болды. Іс - шара көңіл көтеріп қана қоймай, әдебиеттің біздің өміріміздегі маңыздылығын еске түсіріп, оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, жаңа кітап жаңалықтарын шабыттандырды!
Қатысушылар саны - 47 адам.